«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының басты шарттарының бірі –мәдениет және меншікті ұлттық мәдени-генетикалық кодының сақталуы. » Абай мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Абай атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7283) 63-53-20
Есепші бөлімі:
+7(7283) 63-53-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының басты шарттарының бірі –мәдениет және меншікті ұлттық мәдени-генетикалық кодының сақталуы.
28
февраль
2020

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының басты шарттарының бірі –мәдениет және меншікті ұлттық мәдени-генетикалық кодының сақталуы.

Ескелді ауданы әкімдігінің  Абай атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесі»

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»бағдарламасы аясында

2019 жылдың ақпан айында өткен іс-шаралар туралы
 МӘЛІМЕТ

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»бағдарламасының  басты шарттарының бірі –мәдениет және меншікті ұлттық мәдени-генетикалық кодының сақталуы. Туған жер, оның мәдениеті, әдет-ғұрпы, салт-дәстүр арқылы ерекше қарым-қатынастар, халықтың Ұлттық коды қалыптасады. Патриотизм өз жеріне, кіші Отанына деген махаббаттан басталады. Кіші отанымызға деген махаббаттан үлкен отанымыз – туған елімізге деген махаббат басталады. Құндылықтар мен адамгершілік бағдарлар және патриотизм өзара байланыса отырып, ұлттық идеяны қалыптастырады.  Осы орайда мектепте патриоттық бағытта «Ауған соғысы мәңгі жадымызда»   Ауған соғысының ардагері Е.Жұмабевті еске алу кеші өткізілді. Іс-шараға  Ескелді ауданы Ауған соғысы ардагерлер қоғамынан Түсіпов Қанат Төлеуұлы және Желдібаев Қайрат Бекенұлы қатысып оқушыларға Ауған соғысы туралы құнды   деректер айтып оқушыларға патриоттық тәрбиені дәріптеді. Ардагер Жұмабаев Ерболат Мауленбайұлы туралы көптеген естеліктер айтылды. Оқушыларымыз көптеген сұрақтар қойды.







Сонымен қатар кездесуге  ардагердің жұбайы Жұмабаева Әсемгүл апай және ардагердің қарындасы Жұмабаева Айгүл Мауленбайқызы қатысты. Оқушылар  Ауған соғысы туралы өлең жолдарын оқып , әндерін орындады.   Оқушыларға тәрбиелік маңызы зор шара болды.




Ақиық ақын М.Мақатаевтің туған күні қарсаңында  « Мұқағали- ақынның шығармашылығы» атты кеш   өткізілді. Ақынның өлеңі , әндері орындалды.Кітапхана көрмесі ұйымдастырылды. Ақын туралы бейнероликтер көрсетілді. 



А.Құнанбаевтің 175 жылдығына арналған 1-11сыныпта «Абай дана-Абай дара –қазақта»  атты тәрбие сағаттар өткізілді.  Кітапхана көрмесінде Абай Құнанбаевтің шығармалары қойылды. Оқушылар Абай аудармаларынан  суреттер салып көрмеге қойды. Оқушылар  өлеңдерін оқып, әндері орындалды. Облыс көлемінде Нұр Отан партиясы   өткізген «Абай-ортақ» оқуларына 8сынып оқушысы Подгорного Екатерина қатысып 1орынды 





Тәрбие жұмысының орынбасары:                                   К.Т.Укешова