«Ескелді ауданы әкімдігінің Абай атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2018-2019 оқу жылы Қамқоршылық кеңес мүшелерінің кезектен тыс отырысының Хаттамасы №2 » Абай мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Абай атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7283) 63-53-20
Есепші бөлімі:
+7(7283) 63-53-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ескелді ауданы әкімдігінің Абай атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2018-2019 оқу жылы Қамқоршылық кеңес мүшелерінің кезектен тыс отырысының Хаттамасы №2
03
апрель
2019

«Ескелді ауданы әкімдігінің Абай атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2018-2019 оқу жылы Қамқоршылық кеңес мүшелерінің кезектен тыс отырысының Хаттамасы №2

«Ескелді ауданы әкімдігінің Абай атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2018-2019 оқу жылы

Қамқоршылық кеңес мүшелерінің кезектен тыс отырысының

Хаттамасы №2

 

03.10.2018ж Абай ауылы

 

Қатысқан: 12адам

Кеңес мүшелері, мектеп әкімшілігі

 

Кеңес мүшелері: 9 адам

Қамқоршылық кеңес төрайымы– Ертұрғанова Бибигүл Жанайдарқызы

Қамқоршылық кеңес орынбасары- Мұхаметжанова Ақжолтай

Қамқоршылық кеңес мүшесі - Рамазанқызы Алмагүл

Қамқоршылық кеңес мүшесі - Найзабекова Гүлнар Сағадиевна

Қамқоршылық кеңес мүшесі - Көмекова Ардақ

Қамқоршылық кеңес мүшесі - Қожабекова Ләйлә

Қамқоршылық кеңес мүшесі - Асанов Қасымжан

Қамқоршылық кеңес мүшесі - Бимолдина Бахыт

Қамқоршылық кеңес хатшысы– З.Узенбаева

Күн тәртібі:

1. Мектеп директорына үміткер Доспай Жанел Манарбекұлының бағдарламасымен танысу.

 

Тыңдалды:Мектеп директорының міндетін атқарушы Алтынбекова Ләззат Керімбайқызы сөз алып : Қамқоршылық кеңес мүшелеріне мектеп директорына үміткер Жанел Манарбекұлын таныстырып, сөз берді.

Екінші кезекте мектеп директорына үміткер Жанел Манарбекұлы сөз алып: Болашақта осы мектепке директор болып тағайындалған жағдайда атқаратын жұмыс бағдарламасымен таныстыру барысында негізгі мақсаты: оқушылардың білім сапасы мен мұғалімдердің біліктілігін арттыруға көп көңіл бөлетінін айтып өтті.

Қамқоршылық кеңестің төрайымы .Ж.Ертұрғанова : Мектептің даму бағдарламасыментанысып болғаннан кейінөзінің сұрақтарын қойды:

- Функционалдық сауаттылықты қалай түсінесіз?

Тыңдалды :мектеп директорына үміткер Жанел Манарбекұлы:

- Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту тетіктері: РІSА зерттеулері бойынша көш басында тұрған елдердің (Австралия, Финляндия, Жапония, Жаңа Зеландия, Италия, Оңтүстік Корея және т.б.) нәтижесі көрсеткендей, оқушылардың функциялық сауаттылығын дамытуға мынадай:

1) білім беру мазмұны (ұлттық стандарттар, оқу бағдарламалары);
2) оқыту нысандары мен әдістері;

3) мектептен тыс, қосымша білім беру бағдарламалары;

4) ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесіндегі белсенді

рөлі, басқада факторлар әсер етеді -деп жауап берді.

-Мұғалімдер, оқушылар арасындабәсекелестік кездесіп тұратын жағдай. Бұл мәселенің де шешімін табуға болады –деп қысқа жауап қайтарды.

Қамқоршылық кеңестің мүшесі: Рамазанқызы Алмагүл :

-Қалай ойлайсыз сабақтыдәстүрлі сабақ түрінде ма немесе жаңартылған бағдарламамен өткізген дұрыспа?

Тыңдалды :мектеп директорына үміткер Жанел Манарбекұлы:

Дәстүрлі сабақты дұрыс деп қабылдаймын. Өйткені Жаңартылған бағдарламада қағазбастылық өте көп, мұғалімдердің көп уақытын алады-деп жауап берді.

Қамқоршылық кеңес орынбасары Мұхаметжанова Ақжолтай:

-Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру бағдарламасын қалай жүзеге асыруға болады?

Тыңдалды :мектеп директорына үміткер Жанел Манарбекұлы:

Елбасының «Болашаққа бағдар ; Рухани жаңғыру бағдарламасы » аясында жұмыстар жүргізілуде, барлық мектептерде. Ескерткіштерге, мұражайларға апаруға болады- деп жауап берді.

Қамқоршылық кеңес мүшелері бірқатар сұрақтар қойып , пікір алмасты.

Берілген сұрақтарға Жанел Манарбекұлының жауабының қысқа және көбінесе орыс тілінде жауап беруі кеңес мүшелерін қанағаттандырмады.

Қамқоршылық кеңестің төрайымы .Ж.Ертұрғанова : Осы уақытқа дейін Абай атындағы орта мектебі алдыңғы қатардағы мектептердің бірі болғанын, аудандық жарыстардан, пән олимпиадалары,оқулардан, ҰБТ нәтижелерінің, білім сапасының жақсы көрсеткіш көрсетуі тікелей оқу-тәрбие жұмысының орынбасары Л.К.Алтынбекованың елеулі үлесі екенін баса айтты. Мектеп директоры қайтыс болғаннан бері бұл орынға Қамқоршылық кеңесі Л.К.Алтынбекованы лайық деп жүр едік. Л.К.Алтынбекованың осы мектепте 30 жыл істеуі оның 15 жылы оқу –тәрбие жұмысының орынбасары қызыметін атқарғанын ескерсек бұл мектептің , ауылдың , ата-аналардың жағдайын жақсы білетінін айтып өтті.

Қамқоршылық кеңестің төрайымының орынбасары А.Мұхаметжанова сөз алып: Жанел Манарбекұлы сіздің ұсынып отырған бағдарламаңызбен таныстық. Сіз дәстүрлі сабақ беру жақсы, жаңартылған бағдарлама өте қиын ,жұмысы көп деген пікіріңізбен келіспеймін. Өйткені, қазір жаңартылған білім бағдарламасыменбірнеше сыныптарда мұғалімдер сабақ беруде. Сабақтарға қатысып , көріп жүрміз. Жаңартылған бағдарлама аясында өткізілген сабақтарда оқушылардың жан-жақты дамуы, ізденуі артады. Сондықтан біздің көңілімізден шығады. Ал сіздің ұстанымыңыз маған ұнамады. Менің ойымша сіз қателесесіз? - депөз наразылығын айтып өтті. А.Мұхаметжанова Жанел Манарбекұлының әліде жас екенін , әліде тәжірибе жинақтау керектігін айтып өтті.

 

Шешім:

1. Қамқоршылық кеңес мүшелері мектеп директоры лауазымына үміткер Доспай Жанел Манарбекұлының кандидатурасына қанағаттанбадық.

Кеңес мүшелері:

Қамқоршылық кеңес төрайымы– Ертұрғанова Бибигүл Жанайдарқызы

Қамқоршылық кеңес орынбасары- Мұхаметжанова Ақжолтай

Қамқоршылық кеңес мүшелері -Рамазанқызы Алмагүл

Қамқоршылық кеңес мүшелері -Найзабекова Гүлнар Сағадиевна

Қамқоршылық кеңес мүшесі - Көмекова Ардақ

Қамқоршылық кеңес мүшесі Қожабекова Ләйлә

Қамқоршылық кеңес мүшесі Асанов Қасымжан

Қамқоршылық кеңес мүшесі Бимолдина Бахыт

Қамқоршылық кеңес хатшысы– З.Узенбаева

 

 

 

 

 

Қамқоршылық кеңесінің төрайымы: Б.Ертұрғанова

 

Хатшы З.Узенбаева