Интернетсіз бір күн » Абай мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Абай атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7283) 63-53-20
Есепші бөлімі:
+7(7283) 63-53-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Интернетсіз бір күн
31
январь
2019

Интернетсіз бір күн

Абай атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесімен

2018-2019 оқу жылы

27 қаңтар Халықаралық интернетсіз күніне арналған«Мен OFFLINE (оффлайн)» республикалық акциясы барсында өткізілген іс –шаралар турал мәлімет

21 қаңтар күні Ескелді ауданы әкімдігінің Абай атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесінде2019жылы 27қаңтар Халықаралық интернетсіз күніне арналған «Мен OFFLINE (оффлайн)» кең ауқымды республикалық акциясының іс –шаралар жоспары жасалды.Жоспарға сай 1 -11 сыныптар арасында «Қауіпсіз, әрі пайдалы ғаламтор» тақырыптар аясында сынып сағаттары болып өтті.

Мақсаты: оқушылардыңбілімдерін нығайту, тиянақтау. Ғаламтордың жақсылықтарымен бірге келеңсіз жақтары да барын естен шығармағанымыз жөн. Оқушыларға ғаламторға кіріп түрлі ойындар ойнап, уақытын тиімсіз өткізудің зардабы туралы мәлімет берілді

 

 

Сонымен қатар оқушылар бос уақытын смартфонмен отырмай дененің шымыр болып өсуін мақсат етеді. »Біз спортты таңдаймыз»  айдарымен 8-9сыныптар арасында эстафеталық спортық  жарыс өткізілді.  

 

22 қаңтар күні Халықаралық интернетсіз күніне арналған «Мен OFFLINE (оффлайн)» кең ауқымды республикалық акциясының іс –шаралары жалғасын табуда. Оқушылардың бос уақытын ғаламтор желісінде өткізбей, эстетикалық тәрбие беру мақсатында 5-9сынып оқушылары арасында «Біз билейміз »байқауы өткізілді.

 

 

 

 

Мектеп психологы З.Узенбаева және информатика пәнінің мұғалімі Сыдықов Демеу 7-11сынып оқушылар арасында «Желідегі қарым –қатынас мәдениеті» әңгіме, түсіндірме жұмыстар жүргізді.

Оқушыларғағаламтордың пайдасы мен зияны туралы және ғаламторды дұрыс пайдалану жөнінде ой-пікір талқыланды. Кез келген суреттерді қоя берудің өзі мәдениетсіздік әкелетінін айтып өтті.

Желілік этикет туралы түсінік берілді. Интернетте сауаттылыққа тәрбиелеу. Ақпаратпен жұмыс істеу саласында Қазақстан Республикасының заңнамасымен таныстырды.

Талқылау барысында: Қазіргі кезде елімізде жаңа ақпараттық технологиялармен телекоммуникациялық құралдар тек ғылыми зерттеулермен әр түрлі әлеуметтік, экономикалық және саяси үдерістерді басқаруда ғана емес, білім жүйесінде де кең қолданыла бастады. Ақпараттық технологиялар компьютерлік желілерді

Пайдалану барысында желілік этикет туралы, интернетті сауатты пайдалану, ақпараттық заңнама, компьютерлік сауаттылық туралы сұрақтар төңірегіндепікірлер талқыланды.

 

24.01.2019 күні М Мықтыбекова ,Азимканова Д «Мен интернетсіз күнді қалай өткіздім?» сурет байқауын 1-4сыныптар арасында ұйымдастырды

 

 

 

25.01.2019 күні «Ғаламторды қолдаймыз және қарсымыз...»тақырыбында педагог ұйымдастырушы Г Төңкерісқызы «Жас қыран» ұйымының қатысуымен дебат өткізді. Қатысушылар ғаламтордың пайдасымен зияны туралы және ғаламторды дұрыс пайдалану жөнінде ой-пікірлерін ортаға салып талқылады

 

Тәрбие жұмысының орынбасары:                          К.Укешова



 


Похожие публикации:

10 декабрь 2018 Діни экстремизм