Діни экстремизм » Абай мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Абай атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7283) 63-53-20
Есепші бөлімі:
+7(7283) 63-53-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Діни экстремизм
10
декабрь
2018

Діни экстремизм

Абай атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесімен
2018 оқу жылында Террористік жағдайлардың алдын-алуға арналған іс-шаралар туралы мәлімет

Қазақстан Республикасы аумағында діни экстремизммен күресудің маңызы міндетті және қажетті мәселенің бірі. Себебі қазақ жерінде 130-дан астам ұлт пен диаспора өкілдері тұрады. Сонымен қатар, 17 конфессияға қарасты 3088-нан астам тіркелген діни бірлестіктер өз қызметтерін жүргізуде. Ұлтаралық және дінаралық татулықты сақтау – мемлекеттің ең басты міндеті.
Абай атындағы орта мектебінде оқушылар мен ата-аналар комитеттері арасында Қазақстан Республикасының «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі мен басқа нормативтік құқықтық актілер негізінде діни экстремизмнің құбылыстарына қарсы алдын алу жұмыстары туралы, ата-аналарға балаларының интернет және әлеуметтік желілер арқылы тарайтын кері ағымдар туралы бейне материалдарды көруін қадағалау және болдырмау туралы іс-шаралар өткізілді
Мұғалімдер мен оқушылар , ата-аналар арасында «Діни экстремизм және террористік жағдайлардың алдын-алуға» арналған іс-шаралар жоспар бойынша ұйымдастырылып өткізілді. Қыркүйек айында Алматы облыстық әкімдіктер жанындағы дін істер басқармасынан теолог маман Болат Қанапия және Ескелді ауданы әкімдігінен Исаев Айдос келіп діни экстремизм туралы кездесу өткізді.





Мектеп психологы және Дінтану пәнінің мұғалімдері адастырушы діни ағымдар туралы оқушылар мен ата-аналар арасында идеологиялық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қазіргі кездегі адастырушы діни ұйымдардан сақ болу керектігін кеңінен насихаттауда.
АӘД пәнінің мұғалімі А.Кукеев оқушылар арасында «Терорристік жағдай болғанда » қалай әрекет ету керек?- туралы оқушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізілді.




Діни экстремизм




Қыркүйек айында «Өз балаңа үлгі бол » тақырыбында өткен Жалпы ата-аналар конференциясында «Діни экстремизм және террористік жағдайлар», мектеп формасы, ата-ана және оқушы міндеттері, мектептің ішкі ережесі туралы мектеп әкімшілігі ашық сөйлесті. Қазіргі кездегі ғаламтор әлегі туралы ,ондағы кейбір сайттардың бала санасын улайтынын айтып өтті. Көптеген мысалдар келтірілді. Мектепте хиджап киетін оқушы және мұғалім тіркелмеді.

Тәрбие жұмысының орынбасары: К.Т.Укешова