Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы мәртебесі- ел мәртебесі» атты іс- шара » Абай мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Абай атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7283) 63-53-20
Есепші бөлімі:
+7(7283) 63-53-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы мәртебесі- ел мәртебесі» атты іс- шара
29
ноябрь
2019

Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы мәртебесі- ел мәртебесі» атты іс- шара

Абай атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығында 25-29.11. аралығында Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы мәртебесі- ел мәртебесі» атты іс- шаралар өткізілді.Мақсаты: Оқушыларды елжандылыққа, отан сүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу. Оқушылардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту болып табылды. Ұстаздар мен оқушылар апталықтың жоспарымен таныстырылды.  Жоспар бойынша 25.11күні « Әлем таныған -Елбасы» мектеп залында  елбасының өмірі, еңбек жолы туралы  интерактивті тақтадан деректі фильмдер көрсетілді.29.11 күні  барлық сыныптарда «Елбасымен жасампаздық жолында »  тақырыбында ашық тәрбие сағаттар  өткізілді. Ашық тәрбие сағатына ұстаздар, ата-аналар қатысты. Қазақстан мемлекетінің дамуы, өсіп өркендеуінде Елбасының орасан зор еңбегі  туралы деректер айтылды. Оқушылар Елбасына арналған көптеген жыр шумақтарын оқыды. Сабақ өте тартымды, қызықты болды. 


29.11күні «Елбасы мәртебесі - ел мәртебесі» атты Г.Төңкерісқызы ашық тәрбие сағатын өткізді. 29.11 күні салтанатты мерекелік  жиын өткізілді. Әдеби монтаж, Елбасына арналған әндер орындалып деректі фильмдер көрсетілді.Қабырға газеттер байқауы өткізілді.