ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР! » Абай мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Абай атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7283) 63-53-20
Есепші бөлімі:
+7(7283) 63-53-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!
28
май
2020

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР! «Ескелді ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының  31-бабының 1-тармағына сәйкес, 1 сыныпқа оқуға алты жастан бастап балалар қабылданатынын хабарлайды.
1-сыныпқа құжаттарды қабылдау автоматты түрде жүзеге асырылады. Ол үшін Egov.kz арқылы өтініш беру керек.
Бірінші сыныпқа қабылданушы балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдерінен өтінішті қабылдау ағымдағы жылдың 1-ші маусымы мен 30-шы тамызы аралығында жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін білім беру ұйымдарының бірінші сыныптарына алты жасқа толған балалар және ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын балалар қабылданады, яғни қыркүйек-желтоқсан айларында туған балалар бірінші сыныпқа бара алады, себебі күнтізбелік жылдың соңына дейін олар толық алты жасқа толады және мектепке қабылдануға құқығы бар.
Ережеге сәйкес осы ретте мынадай құжаттар қажет:
1)  Баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш;  2) Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
3) Денсаулық жағдайы туралы анықтама (026 / у-3 нысаны); 4) Көлемі 3х4 см фотосурет – 2 дана
Білім беру ұйымының таңдауы бойынша білім алушының ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің баланың тілегі, жеке бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып құқығы көзделген.
Ал балаларды ерекше қажеттіліктері бар мектептерге қабылдау үшін педагогикалық және медициналық-психологиялық комиссияның қорытындысы керек. Egov.kz арқылы қашықтан мектепке немесе сыныпқа ауысу жөнінде өтініш те беруге болады.
https://www.instagram.com/p/CAuMnBmHlXv/?igshid=1dnl3wwrgvkd6