Құқық бұзушылық және зорлық – зомбылықтың алдын алу » Абай мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Абай атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(7283) 63-53-20
bookkeeping:
+7(7283) 63-53-20
Version for
visually impaired
» » Құқық бұзушылық және зорлық – зомбылықтың алдын алу
31
January
2019

Құқық бұзушылық және зорлық – зомбылықтың алдын алу

Абай атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесімен

2018 жылдың қаңтар айынан -желтоқсанайына дейін Құқық бұзушылық және зорлық – зомбылықтың алдын алу бойынша жүргізілген іс-шаралар туралы мәлімет

Абай атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесімен

2018 жылдың қаңтар айынан -желтоқсанайына дейін Құқық бұзушылық және зорлық – зомбылықтың алдын алу бойынша жүргізілген іс-шаралар туралы мәлімет

Жалпы білім беретін мектеп оқушыларына еліміздің Конституциясын оқыту мен терең түсіндіру, өз өмір сүріп отырған қоғам идеясын ұғындыру мен өз іс - әрекетіне моральдық, құқықтық тұрғыда жауап бере алатындай қоғам алдындағы жауапкершілік сезімін қалыптастыру, тәртіптілікті нығайтудың жолдарын жетілдіру - тәрбие беру жұмысындағы негізгі міндет.

Оқушыларды адам құқығын құрметтеуге, ата - анасына, елінің мәдениетіне, тіліне, өзі тұратын елдің ұлттық байлығына, қоршаған ортаға, табиғатқа құрметпен қарауға тәрбиелеу мақсатында мектепбойынша атқарылатын жұмыс жоспары құрылып, бекітілді. Бекітілген жоспарға сәйкес «Құқыңды біл» үйірмесі, «Әділет» құқықтық кеңесі құрылды. 1-11 сынып бойынша жалпы ата-аналар жиналысы өткізіліп, құқықтықтұрғыдан түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Абай атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығында жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын- алу мақсатында 01.02-28.02күндері аралығында құқық айлығы өткізілді. Ақпан айының 08,18,28 күндері құқық бұзушылықтың , әлімжеттіліктің алдын –алу , мақсатында 5-11сынып оқушылары арасында «Құпия сауалнама» алынып, сараптама жасалды. Әлімжеттілік көрсеткен жағдайлар тіркелген жоқ.

19.02.күні Гүлжайна Төңкерісқызы және « Адал ұрпақ» ұйымының мүшелері « Құқық әлемінде » пікірталас өткізді. Жемқорлық, Бұзақылық, Ұрлық тақырыбында өздері дайындаған бейнефильмдер көрсетілді. Оқушылар арасында құқық бұзушылықты, зорлық зомбылықты қандай жағдайда көруге болады деген сұрақтарға жауап іздеді.

 

 

 

 

2018 жылдың ақпан айында Құқық айлығы барысында ата-аналармен жиналыс өткізілді. Мектеп психологы З.Узенбаева «Сіз қандай ата-анасыз?» тақырыбында сауалнамалар алып, тәрбиеленуде қиындық келтіретін оқушылардың ата-аналарына кеңес беру жұмыстарын өткізді.

Мектепте барлық сыныптарда ата-аналар жиналысы өткізіліп жағымсыз + сайт бар екені айтылды. Интер белсенді тақта арқылы ата-аналарға бұл сайттарда не жарияланғанын, ойынның шарттары туралы көрсетіп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сайт негізінен жасөспірімдердіөзіне –өзі қол жұмсауға итермелейді. Бала психологиясына кері әсер етеді. Нәтижесінде республика көлемінде бірнеше келеңсіз оқиғалар тіркелгенін айтып өтті.

 

Мектеп психологы З.Узенбаева балалардыңүйде болған уақытта немен айналысып отырғанына назар аудару керек екені айтты. Балаға әртүрлі жаңартылған ұялы телефон әпермеу керек екенін қатты ескертті. Мектепке ұялы телефон ұстап келуге рұқсат етілмегені және сол талапты орындау керек екенін тағы ескертілді. Қоғамдық инспектор Ә.Башықбаева кез келген оқушы еліктегіш келеді сонымен қатар , психологиясы әлсіз балалар да бар. Сондықтан сақ болып , баланың көңіл күйін үнемі қадағалап отыру керек. Тамағын бердім болды деп қарау үлкен қателікке апарып соғатыны туралы айтылды.

 

 

 

 

« Қылмыс жасаған жасөспірімдер ересектермен тең жазасын алуы керекпе » тақырыбында Құқық бұзушылықтың алдын -алу мақсатында ІІБ қызметкерлерімен «Ашық есік» күнін өткізілді. Кездесу барысында «Жағдаяттардан шығу», «Сен білесіңбе?» сынды сұрақтарға оқушылар жақсы жауап беріп, өз ойларын ашық айта білді. Кездесу барысында қылмыс, жасөспірімдер туралы көп мағлұматтар ғаламтор арқылы тарап кеткен «Синий кит және Тихи дом» сияқты бала санасына кері әсерін тигізетін сайт туралытүсіндірме жұмыстар жүргізілді.Мектеп психологы бұл сайтқа тіркелуөз өміріне қауіп туғызып, отбасыңа да кесірін тигізетінін айтып өтті. Мектепке ұялы тефон әкелуге тыйым салынғанын тағыда ескертті. Бала құқығын қорғау заңы бойынша баптар слайдтар арқылы көрсетілді. Әртүрлі ситуациалық сұрақтар қойылды .Барлық сыныптарда «Заң және Жасөспірім " тақырыбында сынып сағаттар өткізілді. Сынып жетекшілер оқушыларға заң туралы және жауапкершілік туралы кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

23.04 күні жазғы демалыс қарсаңындакәмелеттік жасқа толмаған оқушылардыңөмір қауіпсіздігін сақтау және келеңсіз, қайғылы оқиғалардын алдын-алу мақсатында ата-аналармен және оқушылармен түсіндірме жұмыстар жүргізілді.

Астана қаласындағы орын алған оқиға туралы хабардар ете отырып , мектептен тыс уақытта баланы өз бетінше жібермеу керектігі айтылды. Жазғы демалыс кезінде баланың өмірінің қауіпсіздігіне жауапкершілік ата-анаға жүктелді.


 


Қыркүйек – қазан айларында ХХІ ғасыр ата-ана

 

Бала тәрбиесінің дұрыс жолға түсуі, оны қоршаған ортаға, әсіресе отбасы мен ұстаздар қауымының парасаттылығына байланысты. Үйдегі заңсыздыққа бойы үйренген бала басқаның да құқығын сыйлаMayтын, ол туралы ойланбайтын болады, керісінше жанұядағы жақсы қарым-қатынаста өскен бала ертең қайырымды болып өседі. Баланы түзу өсіретін қорқыту-үркіту емес, оның еркін өсуі жан-жақты дамуына игі әсер етеді. Сондықтан да бала тәрбиесіне көңіл бөлу мақсатында 2018 жылдың 13-23 қараша аралығында «Зорлық - зомбылықсыз балалық шақ» он күндік өтті. Алдын ала жасалған жоспар негізінде іс-шаралар өткізілді. Барлық іс-шараларды өткізуге тәрбие жөніндегі орынбасары, психолог, сынып жетекшілер бірлесе отырып атсалысты, сыныптар да белсенділік танытты. Жоспар бойынша 22 қарашада 1-11 сынып оқушылар арасынан «Мен зорлық – зомбылыққа қарсымын» сынып сағаттары өтті.

«Қатыгездіксіз балалық шақ», «Адам болып қалайық» және т.б. зорлық-зомбылық пен қатыгездік мәселесіне арналған көрме Р.Доспаеваның жетекшілігімен ұйымдастырлып өткізілді 5-11 сынып аралығында.

 

Мектепте

Мектепте панасыз қадағалаусыз қалған оқушылар тіркелген жоқ. Ата –аналар тарапынан да , оқушылар тарапынан да Зорлық –зомбылық фактілері болған жоқ.

 

Тәрбие жұмысының орынбасары:                   К.Т.Укешова